Мектебімізде Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 9-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезініп, ұстаздарына алғыстарын айтты. «Дублер күні» мерекелік концертпен жалғасын тапты. Бұл іс – шараларға мектебіміздің ардагер ұстаздары да қатысып, оқушылар мен мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.