Уақыты: 18.10.2022 жыл, сағат 15.00
Өту барысы: №28 мектеп-лицейінде 5-7 сыныптар арасында «Күзгі сый» тақырыбында көрме байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты – күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту.
Аталмыш көрмеге 5 «А»,5 «Б»,5 «В»,5«Г»,6 «А»,6 «В»,6 «Д» оқушылары белсене қатыс¬ты. Олар көз тартатын күзгі көріністі әр түрлі жарық бояуларда жеткізе алды. Оқушылардың бәрі ұшқыр қиял иелері екендерін көрсетті.
Осындай шаралар мектеп ұжымы мен ата-аналар жұмысындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейте түспек.
Қорытынды: Көрме байқауы қызықты өтті. Әр түрлі көкөніс пен жеміс-жидектерден жасалған бейнелер бір-бірінен өтті. Оқушының қиял ғажайып ойларын жетілдіріп, көрерменді ертегі әлеміндегідей сиқырлы сезімге бөледі. Байқауда I-ші орынды 5 «А»,5 «Б»,5 «В»,5 «Г» алса,II орындарды 6 «Д»,6 «В»,6 «А» сынып оқушылары алды.