Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
Кіру
AA+
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.

Бүгін №28 мектеп – лицейінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиын өтті.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

Алғашқы қоңырау күні білім ордасы өз білім алушыларына есігін айқара ашып, мектеп - лицейіміздің табалдырығын алғаш аттаған 5-сыныптарды ықыласпен қарсы алды.

Білім күніне арналған салтанатты жиынға келген құрметті меймандары қала әкімінің орынбасары М.С.Нұржанов, БҚО білім басқармасының әдіскері А.Ж.Бексұтанова, Оқушылар сарайының директоры Ш.С.Сисенова құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға табыс тіледі.

Оқушылар мектеп,білім,ұстаз туралы әндер орындап, салтанатты іс-шараны жандандыра түсті. Бұл шарадан кейін «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында 5 – 11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бірыңғай сынып сағаттарына кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтары және оқушылар мен олардың ата-аналары арасында құқықтық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.

Білім күні білім алушылар арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм», «Менің саяхатым» т.б. тақырыптар ұсынылып, «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясы ұйымдастырылды.